Skip to content

Ұстаз – адамдықтың шамшырағы, өмірдің жолбасшысы. Шәкірттің жүрегіне ізгілік дәнін…

Ұстаз – адамдықтың шамшырағы, өмірдің жолбасшысы.
Шәкірттің жүрегіне ізгілік дәнін себіп, білім нәрімен сусындатқан ардагер ұстаздар – біздің мақтанышымыз. Есбол орта мектебінде ұстаздар күні мерекесіне орай «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ардагер ұстаздарбен кездесу сағаты өткізілді.Кездесу сағатына мектебіміздің ардагер ұстаздары Қалжан Сағынғалиқызымен Балсұлу Қанғожақызы қатынасты. Ардагер ұстаздарымыздың әрбір айтқан ақылы, еткен еңбегі – біз үшін баға жетпес қазына. Ұстаз болу – тек мамандық емес, ол – жүректің таңдауы, өмірдің үлкен миссиясы.
🌟 Жақсы ұстаз – шәкірттің жанына жарық түсіріп, өмірге жол ашатын күн сәулесі.
🌟 Ұстаздың мейірімі – күннің шуағындай, әр жүректі жылытады.
🌟 Ұстазға тағзым – білімге тағзым.
Шара барысында ардагер ұстаздарбен оқушылар арасында сыр-сұхбат жүргізіліп, әріптес ұстаздардың, шәкірт болған ұстаздардың тілектері тыңдалды. Ардагер ұстаздарымызға мектеп әкімшілігі атынан «Алғыс хат» табысталды. Мерекелік сағат оқушылардың ән-шашуларына ұласты.
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
Атырау Облысы Білім Басқармасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *