💫Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
💫Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімін тереңдету, патриоттық сезімін ояту, ЖИ құралдарын қолданып, сынып сағатын заманауи өткізу.
💫Сынып сағатында оқушылар online-stopwatch.com платформасы арқылы топқа бөлінді. “ Менің Қазақстаным” тақырыбында quizrise.com арқылы квиз сұрақтарына жауап берді.
“Қазақстанның тәуелсіздігі” тақырыбында ЖИ арқылы әр топ презентация жасады.
💫Сынып сағаты соңында оқушылар Отанымыз – Қазақстан туралы мол мағлұмат алып қана қоймай, заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдаланып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Әр топтың шығармашылықпен жасаған жұмыстары олардың елге деген сүйіспеншілігін, бірлік пен ынтымақты жоғары бағалайтынын айқын көрсетті. Осындай мазмұнды әрі заманауи форматтағы іс-шаралар жас ұрпақтың бойына патриоттық рух сыйлап, Қазақстанның болашағына сеніммен қарауға жол ашады.
Өткізген: Тауғыстауова Айымгул
Сынып: 8
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
