Skip to content

Есбол орта мектебінде 24 қазан 2019 жылы “Жасөспірім және заң”…

Есбол орта мектебінде 24 қазан 2019 жылы "Жасөспірім және заң" атты тақырыпта 9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектеп инспектор Әлишер Мұратұлы мен учаскелік полиция инспекторы Исатай Жасталапұлы қатысты. Дөңгеле үстел барысында учаскелік полиция инспекторы Исатай Жасталапұлы оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаларына енгізілген жаңалықтар туралы және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері жөнінде толыққанды айтып түсіндірді. Мектеп инспектор Әлишер Мұратұлы оқушыларға құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттары жөнінде айтып өтті. Оқушыларға тәртіпті, тәрбиелі білім алуға шақырып, ауданның қазіргі таңдағы жетістіктері жөнінде атап өтті. Іс-шара барысында оқушылар сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.
Дөңгелек үстел соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асем Жеңісқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, бұл дөңгелек үстелдің жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға оң ықпалын тигізетінін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *