Skip to content

16.01.2020 жылы Есбол орта мектебінің 9-сынып оқушыларының «Жемқорлыққа жол жоқ!»…

16.01.2020 жылы
Есбол орта мектебінің 9-сынып оқушыларының «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты сұхбат ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру. Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу. Шара барысында оқушыларға ой қозғау мақсатында «Осы фотоны суретті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?» және «Суреттегі адамдардың әрекеті дұрыс па?» деген сұрақтар қойылды. Оқушылар сұраққа өздерінің тарапынан сыбайлас жемқорлықтың қандай зардап әкелетінін, жас буынның өміріне зиян келтіріп отырғандығын айтып өтті. Суреттегі адамдардың іс-әрекеті дұрыс емес екенін, себебі пара беру мен пара алу қылмыс болып саналатындығын айтып өтті. Сұхбаттың келесі бөлімі топтық зерттеу болды. І топқа «Жемқорлық – күрделі әлеуметтік мәселе», ІІ топқа «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр адамның міндеті» атты тапсырмалар беріліп. Оқушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отырғандығы. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық екендігі оқушылар айтып, өз ойларымен бөлісті. «Сен сыбайлас жемқорлықпен кездесіп көрдің бе?», «Сыбайлас жемқорлықты жою үшін сен қандай үлес қосар едің?» деген сұрақтарға оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісіп, жемқорлықты жою үшін өзімізден бастау керек деген ойларын айтып өтті. Пара бермеу және алмауға, мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырысамыз, парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар береміз, 1424 телефон шаламыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *