Skip to content

Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай…

Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз жалпы білім білім беретін мектептің қабырғасында бақытты бал-балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз ер жетіп, қанаттары қатайып, жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр. Бүгінгі «Біргеміз: Түлек 2020 !» атты аттестат алу салтанатты жиын да келіп жетті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарыңыз, бүгін де ойы толып, бойы өсіп, қолдарына аттестат алғалы және де алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Бүгінгі жиын, бүгінгі тілек, арнау мен аманатымыз тек жас түлектерге арналады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *