Ақпан айында мектепке дейінгі және мектепалды даярлық топтарына арналған «Ақылды бала» Республикалық математикалық байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқаудың негізгі мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, зерттеушілік ізденістерін, шығармашылық мүмкіндіктеріне жол ашу, жаңа инновациялық тәжірибелерін анықтап, зерттеп көрсету. Жаңа тәрбие көздерін ашу. Есбол орта мектебінің мектепалды даярлық тобынан тоғыз тәрбиеленуші қатысып жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Есбол орта мектебінің мектепалды даярлық тобының жетекшісі Иманбаева Жанар Каировна.
«Ақылды бала» Республикалық математикалық байқауының жеңімпаздары: Орынғали Ернұр, Русланқызы Айару, Орынбасар Ақжарқын, Ерболқызы Інжу, Жексенғали Айша, Өтеген Ануар, Еріққали Айназым, Хамитов Санжар, Керей Дарын.

