2021 жылдың 7 сәуір күні онлайн форматта жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтарының (5-6 жастағы) балаларына Аудандық мектепке дейінгі жастағы балалардың арасындағы «Тіл – ұлт қазынасы» байқауын Индер ауданы білім бөлімі өткізді.
Байқаудың мақсаттары:
• Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілерінің арасында мемлекеттік тіл туралы ұғым қалыптастырып, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
• Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің тілдік дайындықтарының, сапасын, мәдениет деңгейін анықтау;
• Тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу;
Байқаудың талаптары
Байқаудың қатысушыларына мынадай тапсырмалар беріледі:
• – мәнерлеп оқу (12-16 жолдан тұратын олеңдер);
• – тіл туралы мақал-мәтел айту;
• – сурет бойынша әнгіме құрастыру;
Аудандық «Тіл – ұлт қазнасы» байқауына Есбол орта мектебінен Ерболқызы Інжу қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді.

