12-16 сәуір аралығында Есбол орта мектебі бойынша "Рухани жаңғырудың"4 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары жасақталды.3-сыныпта "Сіз деген-әдеп,біз деген-көмек"тақырыбында өнеге сағаты өткізілді.7-сынып жетекшісі Р.Хасанова "Тәрбиенің тамаша мектебі-отбасы"тақырыбында тәрбие шарасы өткізілді.Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата – ана және бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Ата – анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата – ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.Сонымен қатыр 10-11 сынып жетекшілері Д.Избасарова,Б.Халықова "Бір тал ексең,он тал ек"сенбілік жұмыстары өткізілді.С.Оразбай "Жас Ұлан"ұйымы мүшелеріне Халықаралық ескерткіштер күніне орай "Ескерткіш-тарих мұрасы"тақырыбында сынып сағатын өткізді.Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанның мәдени ескерткіштерін таныстыру, олардың тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру.Бастауыш сыныптар арасында "Жаса,жайна,Астана"тақырыбында суретшілер байқауы өткізілді.










