Есбол орта мектебінде «Аралас оқыту технологиясының заманауи білім беру үрдісіндегі рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Аралас оқыту- негізінде күндізгі оқу технологиясы мен электронды оқыту технологияларын біріктіру қағидасына негізделген. АКТ және заманауи оқу құралдары ұсынатын жаңа дидактикалық мүмкіндіктерге сүйенетін оқу үрдісі ұйымдастыру технологиясы. Мұғалімдер семинар барысында:
-Аралас оқыту дегеніміз не? -OnlineMektep платформасының жаңалығы – қосымша BilimBonus-тарды жинай отырып, қалай BilimLevel көрсеткішін жоғарылатуға болады?
-Төңкерілген сыныпты практикада қолдану?
-Төңкерілген сыныптың түрлері?
-Төңкерілген сыныптың артықшылықтары мен кемшіліктері– деген сұрақтар бойынша жауап алды.





