“OTANLife” жобасы аясында Есбол орта мектебінде 5,6,7-сыныптар арасында "Тілі басқа – тілегі бір,
Жүзі басқа – жүрегі бір"тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет – ғұрпын сыйлауға үйрету





