Skip to content

Есбол орта мектебі бойынша «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы апталық…

Есбол орта мектебі бойынша «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы апталық іс-шараға сәйкес 08.09.2021 жылы 11-сыныптың ата-аналарымен «Отбасы құндылықтары» атты тікелей эфирде ата-аналарға арналған онлайн шара өтті. Шараның мақсаты «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету. Ата – ана және бала қарым – қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; Шара соңында сынып жетекшісі Д.М.Избасарова сөз алды. Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік – дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау – ұрпақ алдындағы ұлы міндет екенін түсінейік деп ата-аналарға айтып өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *