♦️20қараша Балаларды қорғау күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" онкүндігінде "Жас Ұлан" ұйым мүшелерімен "Құқығым бар" тақырыбында диогут ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын негізгі халықаралық және мемлекеттік заңдарымен таныстыру. Балалардың өз құқықтары туралы білімінің деңгейін анықтау. Баланың өз құқықтары туралы ақпарат беру және өз құқықтарын іс-жүзінде қолдана білуге үйрету. Сабақ барысында "Балалар құқықтары туралы Конвекция және ҚР Заңдары" бойынша түсініктеме, "Бала құқығы туралы не білеміз?" ситуациялық сұрақтарға оқушылар жауап берді. "Біз өз мемлекетіміздің азаматтары болғандықтан, оның заңдарымен өмір сүруге міндеттіміз. Бұл үшін заңдарды білуіміз керек" деп оқушылар өз ойларын қорытындылады.



