🌟25.01.22ж. 3-сыныпта "Бейнелеу өнерінің жанрлары" тақырыбында ашық сабақ болып өтті.
✅Мақсаты: бейнелеу өнерінің жанрлары түсінігімен таныстыру, бейнелеу өнеріндегі нақты туындының жанрын анықтауға үйрету. Оқушылардың шығармашылық міндеті:жанр туралы білетіні бойынша бейнелеу өнері туындысын талдау. Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. ✅Сабақтың барысы: Мұғалім сыныптың дайындығын тексерді, оқушылардың арасында ынтымақтастық отмасферасын қалыптастыру мақсатында "Жылы лебіз" әдісі арқылы бір-бірлеріне жақсы тілек айтып шығуын сұрады. ✅Өткен сабақты пысықтау үшін "Сәйкестендіру" әдісі арқылы бейнелеу өнерінің түрлері бейнеленген картиналардың атауымен сәйкестендіруді сұрады. Балалар топ болып суретті сәйкестендіріп, дұрыс бұрыстығын тексеріп шықты. Жаңа сабаққа кіріспес бұрын "Адасқан сөздер" әдісі арқылы қиынды сөз тіркестерін құрастырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Жаңа сабақ арнайы презентацияда түсіндіріліп, балалармен ойша "Көрме залына" барып, онда бейнелеу өнерінің жанрларына тоқталып өтті.










