Skip to content

✅2022жылдың 26қаңтар күні сағат сағат 10:30да Есбол орта мектебінде «Нашақорлық…

✅2022жылдың 26қаңтар күні сағат сағат 10:30да Есбол орта мектебінде «Нашақорлық – қауіпті індет» тақырыбындағы ақпараттық сағаты болып өтті. Ақпараттық сағатқа мектеп бойынша 7-11 сыныптар бойынша ата-аналар Индер аудандық орталық ауруханасының нарколог-психологы Орахов Мұрат Хамитұлы, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Мейрамгул Айғали Қайратқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұрсынай Ғайнеденқызы, мектеп психологы Болған Әмірқызы және мектеп бойынша әлеуметтік педагог Алтай Қуандықұлы қатынасып отыр. Атырау облысы білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы №05-04-01/69 хатына сай,облыс әкімінің төрағалығымен 2022 жылы 11 қаңтарда өткен ведомствоаралық штаб отырысының 1 хаттамасы негізінде тиісті органдардан қызметкерлер қатынастырып, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастырып өткізуді тапсырған болатын. Осы орайда Индер ауданы бойынша білім беру ұйымдарындағы нашақорлықтың алдын-алу мақсатындағы іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, Есбол орта мектебі бойынша іс шара жоспары жасақталған болатын. Іс-шаралар жоспарына сай жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын-алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруда.
Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып табылады.
Ата-аналарға нашақорлық жөніндегі ақпараттық түсініктер беру үшін аудандық орталық аурухананың нарколог психологы Орахов Мұрат Хамитұлы түсініктер беріп өтті.
«Жасөспірімдер арасында есірткі тұтыну проблемалары» тақырыбымен баяндама жасайтын Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Мейрамгул Айғали Қайратқызы сөз кезегін алып, қысқаша түсініктер беріп өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *