🌟Ақпанның 9-жұлдызында мектебімізде Хан-тәңірдің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевқа арналғанкеш өтті.
✅Кеш мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау және ақын поэзиясының кең таралуының мәні, оның өміршеңдігінің сыры неде екенін оқушыларға таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну болды.
✅Кеш ақынның өмірбаянымен таныстырылудан басталды. Оқушылар ақын өмірінен сыр шертті.
Кеш әрі қарай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқумен жалғасын тапты. “Аққулар ұйықтағанда” поэмасынан үзінді көрерменге ұсынылды. Кеш соңы ақынның әндерін орындаумен аяқталды.
✅Мұқағалидай кемеңгер, сырбаз ақын әр адамның жүрегінен мәңгі өшпеуі қажет. Ақын өлеңдерін қызығып оқитын жастар көп болсын.
@inder_raioo










