🏢 Есбол орта мектебінде "Өзін-өзі тану: «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында жоспарға сай "Қайырымдылық имандылық белгісі" тақырыбында мектебіміздің Еріктілер ұйымы "Шапағат"тобы мектеп тәлімгері Алима Серікқалиқызымен ауылымыздың тұрғыны Бахитов Семғали атамен, ардагер ұстаз Мырзахметова Нұрғаным әжеге аула жұмыстарына көмекке барды.
✅Жас жеткеншектер үлкенді сыйлап тыңдай білуге, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелей отырып, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу мақсатында оқушыларымыз қайырымды іс жасады.
Нұрғаным әже оқушыларға ақылды, тәрбиелі болуға, біраз өсиет әңгімесін айтып, ой бөлісіп, ризашылығын білдіріп, тәттілерін ұсынды.
Оқушылардың еңбекқорлығына таңданып, осындай тәрбие беріп отырған ата-аналарына алғысын білдірді.
@inder_raioo
@zhasulan_atyrau









