"Алты алаштың баласы бас қосса,төр-мұғалімдікі"-деп Мағжан ақын айтқандай,Ұстаздар күні мерекесіне орай мектебіміздің мұғалімдері марапатталып,мерекелік жақсы көңіл күйге бөленді.Дене тәрбиесі пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі Д.Кураков Атырау облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса,ағылшын тілінің педагог-сарапшы мұғалімі Л.Куракова,химия пәнінің педагог-сарапшы мұғалімі Д.Избасарова,информатика пәнінің мұғалімі А.Айболат,есепші А.Жылқыбайлар Аудандық салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.Марапат иелерін мектеп директоры А.Тілекқабыл,кәсіподақ ұйымының басшысы А.Масалимов құттықтап,ескерткіш сыйлықтар табыстады.
Құттықтаймыз!💐💐💐






