Есбол орта мектебінде 2022 жылдың 01 желтоқсан күні география пәнінің мұғалімі Р.Хасанова 7-сыныпқа география пәнінен «Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерінің географиялық жағдайы» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында "Wordwall" программасы бойынша «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. Сонымен қатар жаңа сабақты видеоны тамашалай отырып, сәйкестендіру, кесте толтырылып, кескін картамен жұмыстар жасалды. Сабақты қорытындылау мақсатында "Wordwall" бағдарламасы арқылы оқушылар "Сандық диктант" тапсырмасын орындады.✨✨✨
@inder_raioo
@atyrau_bilim








