Skip to content

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНДЕР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ 06-01-06-10/651…

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНДЕР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ 06-01-06-10/651 сандық хатына сай мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларымен және ата-аналарға ”интернет алаяқтық” тақырыбында жиналыс өткізілді.
Мақсаты:Оқушылар мен ата-аналарға ақпараттық жүйені пайдаланып жасалатын алаяқтықтың түрлерімен таныстыру, олардын сақтану жолдары туралы түсінік беру.
Алаяқтық дегеніміз – бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатырған қылмыстың түрі. Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты-ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет алаяқтық болып отыр.
Елімізде көп кездесіп жүрген алаяқтық түрлеріне интернет дүкенмен байланысты алаяқтықтар, фишинг, интернет арқылы қайыр сұрау, телефон алаяқтық, смс алаяқтық және интернет банкинг арқылы жасалатын қылмыстар жатады. Сонымен қатар интернет алаяқтарға алданып қалған жағдайда жасалатын әрекет түрлерімен сақтық шараларымен таныстырылды.
Индер Аудандық Білім БөліміАтырау Облыстық Әдістемелік ОрталығыИндер ТәрбиеАтырау Тәрбие бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *