Skip to content

📍📍📍”Бала тәрбиесі ата-ананы ойландырады ма?” 🔰Есбол ауылының Мәдениет үйінде “Бала…

📍📍📍"Бала тәрбиесі ата-ананы ойландырады ма?"

🔰Есбол ауылының Мәдениет үйінде "Бала тәрбиесі ата-ананы ойландырады ма?" тақырыбымен Есбол ауылындағы Жамбыл. Есбол, Есқалиев орта мектептерінің 8-11 сынып оқушылары және ата аналарымен кездесу өткізілді. Кездесуге Индер ауданы прокурорының орынбасары Нәутиев Бекарыс Жандарбекұлы, Индер ауданы білім бөлімінің басшысы Дилмукашева Орынша Матайқызы, білім бөлімінің әдіскері Аренова Тұрсынай Қайнеденқызы, Индер АПБ ЖҚББ-ның бастығы полиция подполковнигі Қайыржанов Батырбек Бағдатұлы қатынасып ата-аналармен оқушыларға отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығы, бала тәрбиесі туралы маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар Есбол ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Жалғасбаев Өтеғұл Темирғалиұлы, Есбол селолық әйелдер кеңесінің төрайымы Султанғалиева Ажар Халелқызы, Жамбыл атындағы орта мектебінің ата-аналар кеңесінің төрағасы Сабиров Ерболат Сағидоллаұлы, ата-аналар кеңесі, әкелер кеңесі, Қамқоршылық кеңес мүшелері қатынасты. Жиналыс барысында қоғамда орын алып отырған мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік салдарының соңы қайғылы жағдайға ұшыраған оқиғалар туралы видеоролик көрсетіліп, сол бағытта ой бөлісті. Бала тәрбиесінің олқылықтары, қыз бала тәрбиесі, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану туралы айтылды. Есбол ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Жалғасбаев Өтеғұл Темирғалиұлы, Есбол селолық әйелдер кеңесінің төрайымы Султанғалиева Ажар Халелқызы, ата-аналар кеңесінің төрағасы Сабиров Ерболат Сағидоллаұлы сөз алып мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастығының берік болу керектігі, телефонның зиянды әсері туралы айтып өтті. Жиналысты Орынша Матайқызы қорытындылап, ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілікті күшейту қажет екенін, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие алу керектігін айтып өтті.
Индер Аудандық Білім БөліміАтырау Облыстық Әдістемелік ОрталығыИндер ТәрбиеАтырау Тәрбие бөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *