«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі» құрмет дипломымен марапаттауға ұсынылады.
Иманбаева Жанар Каировна «Атырау облысы білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің «Есбол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Есбол орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәртәрбиешісі Білімі: жоғары Жанар Каировна Есбол орта мектебінде 2017 жылдан бастап мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі болып қызмет атқарып келеді.
Ұлы ғалым- философ Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»-деген екен. Олай болса халқымыздың білім беру жүйесін жаңарту, оқытуды түрлендіру, оқыту мен тәрбиелеуде әлемнің озық тәжірибелеріне сүйене отырып балаға үйрету жолында көп еңбектеніп жүрген тәрбиешілеріміздің бірі – Иманбаева Жанар Каировна. Жанар Каировна – Балалардың бойында ұлтжандылықты, ата-бабамыздың бай мұрасын, асыл қасиеттерін, салт-дәстүрін қалыптастыруда тиімді тәсілдерді таңдап жүйелі жұмыс жүргізуде. Әр ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде балалардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін еске ала отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқу іс-әрекеттерді қызықты, тартымды етіп өткізеді. Өзінің ашық мінезімен, балаларға деген мейірімділігімен бүлдіршіндердің тілін таба біледі. Жаңалыққа жаны құмар, әрдайымда ізденуден талмайды. Тәрбиешілердің оқу іс-әрекеттеріне қатысып, пікір алмасып, өз әріптестеріне-жанашыр, қамқор, ақыл-кеңесші бола біледі. Ұжымда да оны осы ақкөңіл, еңбекқор, шығармашыл қасиеттерін бағалап құрметтейді. Ата-аналар арасында да беделі жоғары. Ата-аналармен жұмысты жан-жақты қарастырып, түрлендіріп өткізеді. Жанар Каировна бала тәрбиесінде алатын орны зор. «Менің мамандығым-тәрбиеші» Республикалық турнир, 3 дірежелі диплом, 28.04.2020ж; «Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту» Республикалық Блиц-турнир, 3 дәрежелі диплом, 29.04.2020ж;
Қашықтықтан оқытуды жоғарғы дәрежеде ұйымдастырып және оқушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз еткені үшін «Алғыс хат», Өрлеу -2020ж;
www.orleu.kz порталында «Біз біргеміз, біз үйдеміз» бейнеролигін жариялаған үшін сертификат берілді, Өрлеу -2020ж;
Daryn.online білім беру платформасы

