Аудандық ғылым негіздері пәндері бойынша 8-11 сынып оқушыларының арасында аудандық ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға мектебімізден 8- сынып оқушысы Қорғанғали Айшырын тарих пәні бойынша қатынасып жүлделі 🥇орынға, география пәні бойынша 9-сынып оқушысы Мақсот Жаннұр,орыс тілі пәні бойынша Айжарыққызы Ақнұр 🥉орындарға ие болса,тарих пәнінен қатысқан 10-сынып оқушысы Иманбайқызы Арайлым мен биология пәнінен қатысқан 9-сынып оқушысы Боранғалиева Амангул алғыс хатпен марапатталды.Облыстық байқауға қатысқалы отырған 8-сынып оқушысы Қорғанғали Айшырынға сәттілік тілейміз!Жетекшілер тарих пәнінің педагог сарапшы мұғалімі С.Оразбай,орыс тілі мен әдебиет пәнінің педагог зерттеуші мұғалімі Ж.Шадуова,география пәнінің педагог зерттеуші мұғалімі Р.Хасанова,тарих пәнінің педагог сарапшы мұғалімі Н.Муканова мен биология пәнінің педагог модератор мұғалімі Н.Айғалиеваларға шығармашылық табыс тілейміз.💐
#атырау_облысы
#индер_ауданы
#есбол_ауылы






