Skip to content

31 мамыр Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне…

31 мамыр Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 10 сынып оқушылар арасында «Өзекті өртер шындық» тарихи бейнешолу өтті.
Мақсаты:
Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.
Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да запты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы. Ақиық ақын М.Мақатаев:
Біздер мына дәуірменен бірге өстік,
Қарап соның қабағына күн кештік.
Уақыттың үніменен тілдестік,
Уақыттың көшіменен бір көштік.
Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,
Тарихы оның біздерменен ашылды,
Біздің мына қолтаңбамыз басулы,
Құрметтендер жиырмасыншы ғасырды! – деп өзі өмір сүрген ғасырға осылайша баға береді.
Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс.
Кеш барысында ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске ала отырып, нәубет жылдары халқымызы кенедей қырғандығы баяндалып, бейнебаян көрсетіліді. Кеш соңынан " Қасіретті жылдар" атты кітап көрмеге шолу жасалды.
Мектеп кітапханашысы М. Ералиева
#Өзекті_өртер_шындық
#31_мамыр_Ашаршылық_және_саяси_қуғын_сүргін_құрбандарын_еске_алу_күні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *