Skip to content

✅Ата – аналар мен оқушылар назарына! Есбол орта мектебінің 2024-2025…

✅Ата – аналар мен оқушылар назарына!
Есбол орта мектебінің 2024-2025 оқу жылында 1-11 сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес:
⚜️Ұлдардың формасы- қара көк түсті (темно-синий) пиджак,жилет,шалбар,күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде – трикотаж жилет)Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;
⚜️Қыздардың мектеп формасы – қара көк (темно-синий) пиджак,жилет,қара-көк түсті белдемше (юбка ұзындығы тізеден төмен болу керек),классткалық ақ жейде (қысқы мезгілде –трикотаж жилет,сарафан.)
⚜️Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюм (спорттық қара шалбар, ақ футболка),спорттық аяқ киімнен (кроссовки,кеды) тұрады.
⚜️Мектеп формасына түрлі діни аксессуарлар,джинсы,слакси шалбарлар,тениска,футболка,кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Қатаң тыйым салынатындығын ескертеміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *