ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАР!
📚 Ұстаз, ұстаз
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әл–Фараби, Ыбырай мен Ахметті,
Осы сөз ғой қойған мәңгі ұлы қып, Есбол орта мектебінің ардагер ұстаздары Султанова Роза Куанышкереевна, Хасанғалива Қалжан Сағынғалиқызы, Сұлташова Балсұлу Қанғожақызы, Қабикенова Майра Мажитқызы, Адилова Мамлакат Мағзомқызы, Ергалиева Гульсара Қуанышқалиқызыны бүгінгі ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! "Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға" – деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізген тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындап, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті – жемісті күннің кепілі болды. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Сіздерге арқашан мықты денсаулық, жаздай жадырған өмір тілейміз.
Есбол орта мектебінің ұжымы.
