📌📌"СЕНДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ…"📌📌
тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында студенттермен кездесу кеші өтті.
⚜️Мақсаты:
Оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
⚜️Міндеті:
— мектеп бітіруші түлектерге кәсіби — шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;
— болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт — бағдар беру;
— белгілі бір еңбек, кәсіби іс — әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.
Күтілетін нәтиже:
Мектеп бітіруші түлектердің және негізгі орта мектепті аяқтаушы оқушылардың осы студенттермен кездесу барысында тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласына таңдау жасауы.
Студенттермен кездесу кеші TEDx форматында өткізілді. Алдымен студенттер өздері және оқып жатқан оқу орынын, мамандықтары туралы қысқаша айтып өтті. Оқушылар студенттерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауабын алды. Мектеп психологы Б.Кушенова оқушылар мен студенттерге психологиялық жаттығулар ұйымдастырып, оқушыларға сенімді болуға, мамандық таңдауда қателеспеу керектігін айтты. Оқушылар би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
⚜️Өткізген: Кәсіптік бағдар беруші А.Кубиева
⚜️Мектеп психологы: Б.Кушенова
#БіртұтастәрбиеАтырау
#Индер Аудандық Білім Бөлімі
#Студенттерменкездесу
