22.01.25ж Есбол орта мектебі «Жасанды интеллект-жаратылыстану ғылымында» атты фзика, математика және информатика, химия, биология және география пән бірлестігі апталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-сыныпта химия пәнінен "Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы" атты ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ барысында Wordwall платформасы "Кездейсоқ дөңгелек" әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды, содан соң “Химиялық элементтер”әдісі арқылы сынып екі топқа бөлінді. “Ой қозғау" әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. Жаңа сабақ барысында “Ойлан тап” әдісі арқылы топтық жұмыс, "Элементке резюме жаз" ойны арқылы жеке жұмыс, оқулықпен жұмыстар жүргізілді. Сабақ “Банкомат” әдісі арқылы қорытындыланды. Сабаққа қатысқан ұстаздардың ұсыныс-пікірі QR код арқылы ватсап желісінде талқыланды. (Пән мұғалімі: педагог-сарапшы Д.Избасарова)
#Біртұтас_тәрбие_Атырау # Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы

