Есбол орта мектебі бойынша 23-қаңтар күні 5-7 сынып оқушыларына "Имандылық-ізгіліктің негіздері" тақырыбында тәрбие шарасы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды имандылыққа, кішіпейілділікке,адалдыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.Шара барысында оқушыларға "Адал дос" атты бейне материал көрсетіліп,ой бөлісіп,пікір алмасты. Оқушылар адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді талдап, қажетті мінез-құлықтарды атап өтті.
Өткізген: 5- сынып жетекшісі Оразбай Сағыныш Маратқызы
