🏢Есбол орта мектебінде 4 ақпан күні "Өнерлі ұрпақ-салауатты өмірдің жарқын болашағы" атты онкүндік аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Кенжебайқызы Асем көркем еңбек пәнінен 4-сынып оқушыларына "Табиғат құбылысын бейнелейміз" тақырыбында ашық сабағын өткізді.
🎨Сабақтың мақсаты: Тиімді тәсілдермен анықталған материалдарды және компоненттерді нақтылықты сақтай отырып, өлшейді, белгілейді, қию, формасын келтіреді, жинақтайды, қосу және біріктіреді.
🎨 Сабақ барысында әдіс- тәсілдер қолданылды: өткен тақырыпты пысықтау сұрақ-жауап арқылы, суреттерді құрастыру арқылы топқа бөліп, сабақтың тақырыбы анықталды.
🎨Сабақ барысында топтық, жеке жұмыстар жүргізіліп, оқушыларға әр кезеңде тапсырма дескрипторлары бойынша әділ бағалау жүргізілді.
🎨Сабақтың соңында Worwall сайтынан табиғат құбылысы туралы "Жұмбақ шеш" ойыны ойнатылды. Оқушылар "Табиғат құбылыстары" әдісімен кері байланыс жасады.Сабақ өз мақсатына жетті. #ИндерАудандықБілімБөлімі
#АтырауОблыстықӘдістемелік Орталығы
Атырау Әдістемелік Орталығы
Индер Тәрбие
Атырау Тәрбие Бөлімі
#біртұтас_тәрбие_атырау
