📌Есбол орта мектебінде 15 сәуір күні “Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында 10-11 сынып ата-аналарына арналған педагогикалық сабақ өткізілді.
📌Мақсаты: жасөспірімнің жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру.
Ата-аналарға жеке қауіпсіздік деген не екендігі түсіндіріліп, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың негізгі ережелері таныстырылды, сонымен қатар “Қауіпсіздікке жол бермеу”, “Ерте жүктілік” тақырыптарындағы бейнеролик көрсетілді. Шара барысында ата-аналармен бірге “Гүл” рөлдік ойыны ойнатылып, ата-ана мен бала арасындағы жақсы қарым қатынас жөнінде пікір алмасу орын алды.
📌Өткізген сынып жетекшілер Р.Хасанова, Б.Халықова
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Индер Тәрбие Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы
