Skip to content

🏫Есбол орта мектебі 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫНДАДЫ 📚 Мектеп…

🏫Есбол орта мектебі 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫНДАДЫ

📚 Мектеп бойынша биылғы оқу жылын 124 оқушы (1-11 сынып) қорытындылайды. 3 түлек 11- сыныпты бітіреді.

📝 Соңғы оқу күні — 23 мамырда 1-11 сыныптарда «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.

🇰🇿 Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

📆 🎊🛎️ Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен,
1-11-сынып оқушылары үшін ” Соңғы қоңырау” салтанатты шарасы 24-ші мамырда өткізіледі.

❗️ Сондай-ақ, барлық оқушылар үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *