🚨 ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: ҚАУІПСІЗДІК АЛДЫМЕН! 🚨
Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Жаз мезгілі – балалар үшін асыға күтетін қызықты сәттерге, саяхат пен серуенге толы уақыт. Дегенмен, бұл мезгілде қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбіріміз үшін аса маңызды міндет.
✅ Су қауіпсіздігі – рұқсат етілмеген орындарда шомылмаңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
🔥 Өрт қауіпсіздігі– отты рұқсатсыз жақпау, шылым шекпеу, жанғыш заттарды қолданбау – тілсіз жаудың алдын алады.
⚡ Электр және тұрмыстық техника – тоқпен жұмыс істегенде абай болыңыздар, ұялы телефонды су жанында зарядтамаңыздар.
🚲 Жол қозғалысы ережелері– велосипед, самокат, роликпен жүргенде арнайы құралдарды қолданыңыз және жолда мұқият болыңыз.
🧒 Бейтаныс адамдар – бөтен адамның шақыруымен ешқайда бармаңыз, жеке ақпаратты ешкімге бермеңіз.
🌳 Табиғат аясындағы демалыс – жәндіктер, улы өсімдіктер мен қауіп төндіретін жануарлардан сақтаныңыздар.
📢 Баршаңызды қауіпсіздік шараларын сақтап, денсаулықтарыңызды күтуге шақырамыз!
Тек қауіпсіз жаз ғана жақсы демалысқа кепіл болады! ☀️🌈
#ЖазғыҚауіпсіздік #ОқушыҚауіпсіздігі



