☑️28 қараша күні Есбол орта мектебінде 9-10 сынып оқушыларына "Жирен жаман әдеттен" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
📌Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, тазалыққа , лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу. Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, саналылыққа, құқықтық тәрбиеге баулу. Оқушыларға жаман әдеттер туралы, нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында бейнероликтер көрсетілді, тақырып аясында көріністер қойылды, бала құқығы мен жасөспірімдер арасындаға құқықбұзушылық тақырыбында интерактивті тапсырмалар орындалды. Мектеп психологі Б.Кушенова оқушыларға өмір жолында тығырықтан шығуға көмектпсін тренинг ұйымдастырды. Оқушылар тақырыптарды ортаға салып ойларын толық айтып өтті. Сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырды.
📌Өткізген сынып жетекшілері Б.Кушенова, Б.Халықова.
