🔰2021 жылдың 16 қараша күні Есбол орта мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Бала құқығы-адам құқығы" тақырыбындағы онкүндігі аясында 8,9-сынып оқушыларына жетекшілері А.Құбиева мен Р.Хасанова "Қоғамдық тәртіп негіздері" атты практикалық пікірталас ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру. Пікірталас барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, жарқын болашақтың ертеңі өздері екендіктерін жеткізе білді.








