16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай мектепішілік біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының шарасы өтті. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мерекеге арналған өлең шумақтарын, әндерін айтып, өнерлерімен бөлісті. Шара барысында мектебіміздің оқу озаттары мен оқу екпінділері өнер сайысының, білім, спорт жеңімпаздары «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымына қабылданып, салтанатты түрде «Ант» берді.










