✅16.02.2022 жылы 11-сыныпта Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған "Есіңе мені алғайсың" атты поэзия кеші өтті. ✅Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу. Бүгінгі кешке 11 сыныптың оқушылары белсене қатысты. Олар ақынның «Арыз жазып кетейін», «Шыда, шыда», «Құрдастарға», «Әке», «Поэзия», «Уақыт», «Көктем де келер», «Анашым», «Елім барда» сынды жырларын да жатқа оқыды. Ақынның сөзіне жазылған әндер де шырқалып, көрермендер бір мезет әуен құшағында тербелді.
@inder_raioo



