👨🚀🚀12 сәуір-адам баласының тұңғыш ғарышқа ұшқан күні.
🏢Есбол орта мектебі бойынша оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында 12 сәуір – Ғарышкерлер күні мерекесіне орай «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ» тақырыбында іс-шаралар жоспары жасақталып, сынып сағаттары болып өтті.
🖼Даярлық сыныбында «Ғарышқа жол» суретшілер байқауы өткізілді. (тәрбиеші Ж.Иманбаева).Физика пәнінің мұғалімі А.Жалмукашева 8-сынып оқушыларымен ғарыш әлемінің игерудегі жетістіктерді таныстыру мақсатында «Физика және ғарыш» танымдылық-қайталау сабағын өткізілді. Жоғары сыныптарда «Ұшқыш-Талғат Бигелдинов» (8-сынып,жетекшісі р.Хасанова), «Ғарыш әлеміне саяхат» (9-сынып, жетекшісі А.Кубиева), «12 сәуір –Ғарышкерлер күні» (10-сынып, жетекшісі А.Губашева) сынып сағаттарын ұйымдастырып өткізді. ХХ ғасырдың 2-шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында беру,жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін,жерін, сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.7-сыныпта өткен «Ғарышкері қазақтың» тақырыбындағы сынып сағатында сынып жетекшісі Б.Халықова оқушыларға қазақтың мәртебесін көтеріп жүрген қос ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы және Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсініктер берілді.
8-сынып оқушылары (сынып жетекшісі Р.Хасанова) қазақтың қос мәрте Кеңес Одағының Батыры,ұшқыш, көк жүзінде аты аңызға айналған Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай өмірі туралы сыр шертіп, Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыштың өмірбаянымен танысты. Бастауыш сыныптарда «Ғарыш әлемі», «Мен ғарышкер боламын» (сынып жетекшілер М.Бисенғалиева, А.Мақсотова) тақырыбындағы сынып сағаттары өткізілсе, 6-сыныпта «Ғарыш әлемі» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.(жетекшісі Б.Кушенова).
@inder_raioo







