Skip to content

✅04.02.2022ж математика пәні мұғалімі Б.Халықова мен химия пәні мұғалімі Д.Избасарованың…

✅04.02.2022ж математика пәні мұғалімі Б.Халықова мен химия пәні мұғалімі Д.Избасарованың ұйымдастыруымен "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында мектепішілік әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Тулепова оқу үдерісінде белсенді ортаны қалай құруға болатынын және дайындау керектігін атап өтті.
Осы семинарда күтілетін нәтиже:
• PISA халықаралық зерттеу тапсырмалары арқылы оқушының белсенділігі, ізденуі мен зерттеу дағдылары қалыптасады;
• PISA тапсырмалары бойынша оқушылар оқу барысында игерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайда қолдана алады.
Семинарға санитарлық талапты ұстай отыра мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері қатысты. Химия пәні мұғалімі Д.Избасарова "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары" тақырыбында шеберлік сабақта теорияны тәжірибе жүзінде көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Кубиева, физика пәні мұғалімі А.Жалмукашева, биология пәні мұғалімі А.Адилова пәндерде PISA тапсырмаларын өз сабақтарында қолданудың тиімділігін шебер көрсете білді.
Ұйымдастырушылар кері байланыс жасау арқылы семинарға қатысушылардың алған жақсы әсерлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
@inder_raioo

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *